Жаңалықтар

Әнуарбек Жексенғалиев 6 жыл 8 айға сотталыпты

Ұрланған қаражатты заңды айналымға тартқан Әнуарбек Жексенғалиев мүлкі тәркіленген

Ұрланған қаражатты заңды айналымға тартқан Әнуарбек Жексенғалиев мүлкі тәркіленіп, 6 жылға және 8 айға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық табыс сомасы 4,3 миллиард теңге болады, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ҚМА-ға сілтеме жасап.

Өткізілген параллельді қаржылық тергеу нәтижесінде қылмыстық активтерді жылыстатудың күрделі схемасы зерттелгені айтылды.

"Жексенғалиев мемлекеттік бюджеттің 1,1 миллиард теңгесін жымқырып, оны бақылауындағы жалған құрылған кәсіпорындардың шоттарына аудару жолымен заңдастырғаны анықталды.

Сонымен қатар, ол қаражатты алып, шетел валютасына айырбастау бойынша қаржылық операцияларды жүзеге асырған. Сондай-ақ, ол ұрланған қаражатты жылыстату үшін жылжымайтын мүлікпен жалған мәмілелер жасаған", - делінген хабарламада.