Жаңалықтар

Прокурор Аймағанова Бишімбаевтың «ең үлкен қателігін» атады

Мас болғаны соншалық, ол видеоларды түсіргені де есінде қалмаған,-деді ол

Қуандық Бишімбаев ісінде мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова Тенгри ТВ-ға берген сұхбатында Қуандық Бишімбаевтың ең үлкен қателігін атады, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы  Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

«Оның (Бишімбаевтың) ең үлкен қателігі – бізге ұялы телефонының паролін бергені болды. Оның ұялы телефонынан 27 видео шықты. Оның бірі 30 секундтық, бір екі минутқа дейін созылады. Минут сайын түсірген. Оның түсіргені есінде жоқ. Ол мас болған. Мас болғаны соншалық, ол видеоларды түсіргені де есінде қалмаған. Екінші фактор – осындайды ол тұрақты түрде істеп келген. Бәріміз де адамбыз ғой. Бір нәрсені істей берген кезде ол әдет болып кетеді. Бишімбаев осылай қырағылығынан айырылған», - дейді Айжан Аймағанова.