Астанада 20 жыл іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Қазір күдіктіні Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр
53 жастағы ер адам Астанадағы туыстарының үйіне келіп, шатырына тығылған екен,-деп хабарлайды Newsroom.kz
«Алматы аудан полиция департаментінің қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады. Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Ол үйдің шатырынан табылды», – деп хабарлады ІІМ-де.
Қазір күдіктіні Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.