Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Ал оның қылмысын жасырды деп айыпталған інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға қамалды

Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев  24 жылға сотталды,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

 Ал оның қылмысын жасырды деп айыпталған інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға қамалды.

13 мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкім шығарды. Бишімбаев жазасын аса ауыр қылмыстар жасаған адамдар қамалатын колонияда өтейді.