Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Тараз: автобус жүрсін, базар ашылсын

Тараз: автобус жүрсін, базар ашылсын

Тараз: автобус жүрсін, базар ашылсын
ашық дереккөзі
Автобус жүрсін, базар ашылсын! Екі ай үйде отырып, табысынан қағылған жамбылдық саудагерлер бүгін бас көтеріп, осындай талаптарын жеткізді. Өзге өңірлерде базарлардың қайта ашылғанын естіген Тараздағы ағайын әкімдіктің алдына жиналып, атқамінерлердің жауап беруін сұрады деп хабарлайды Newsroom + тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. https://www.youtube.com/watch?v=InFZPF0U6Wg Шенділерге шаруаны біржақты қылыңдар деп талап қойған - «Ауыл береке» базарының саудагерлері. Карантиндік талаптарды қатаң сақтауға сөз беріп отыр. Кәсіпкерлер егер базар ашылмаса қарызға белшемізден батамыз деп ашулы. Сәуле Мейірманова, саудагер «Біздің шыдамымыз бітіп, осында келіп, әкімшілік өкілдері, прокуратура өкілдері келді. СЭС келді. Біз соларға сұраныспен шығып тұрмыз бізге базарды ашып берсін деп».)) Базар басшылығы бұл мәселеге қатысты ештеңе шешпейтінін айтып, әкімдікке сілтеген. Көпшілік алдына шыққан облыс әкімінің орынбасары халыққа зекіп тастады. Нұржан Календиров, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары «Так, болдық  қой деймін. Бір-біріміздің уақытымызды ұстамайық. Жұма күні кездесеміз, все! Мен келемін базарға. Міне екі өкілдеріңізді сайлап бердіңіздер. Солармен хабарласып отырамын».