Бүгін Атырауда Жайық өзені қаншаға көтерілді?
Өзен қауіпті деңгейге жақындады
Атырау облысында Жайық өзенінде су әлі де көтеріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды newsroom.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, соңғы 5 күн ішінде аймаққа су келіп жатыр. "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамырда сағат 9:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:
- Атырау - 538 сантиметр. Тәулігіне + 5 сантиметр.
- Индербор ауданы 1033 сантимтер. Тәулігіне +7 сантиметр.
- Махамбет ауданы 955 сантимтер. Тәулігіне +16 сантимтер.
"Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Одан әрі артуы күтіледі", - делінген хабарламада.