Павлодарда кеме капитаны суға батып кетіпті

9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді

Фото: baq.kz

Павлодар облысында суға батып кеткен кеме капитанын іздеу жұмысы жүруде, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап .

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 8 мамырда 23:25-те Павлодар облысы ТЖД ДЖБ-да 102-ден Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түскен.

9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмысын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр.

Таң атқанда сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады.

Жүктелуде...