Қонаевта бейтаныс біреу итті көлікке байлап сүйрепті
Әлеуметтік желіде бейтаныс біреудің әрекеті қызу талқыға түсті
Қонаевта бейтаныс біреу ит байланған көлікпен көшеде жүрген, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде бейтаныс біреудің көлікте итті арқанмен сүйреп бара жатқаны түсірілген видео тарады. Видео авторы оқиғаның Қонаевта болғанын айтады.
Алматы облысының полицейлері жағдайға қатысты түсінік берді.
"Тәртіп бұзушыны қалалық полиция қызметкерлері анықтап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 407-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен бірге осындай фактілердің алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілгенін хабарлаймыз", - деп хабарлады полицейлер.
Полиция департаменті жазба авторына белсенді азаматтық ұстанымы және құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектескені үшін алғысын білдірді.