Жаңалықтар

Энергетика министрлігі шетелдік азаматтар үшін бензин мен дизель отынына жаңа баға белгіледі

Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев шетелдік азаматтар үшін бензин мен дизель отынына жаңа баға белгілейтін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Newsroom.kz

Құжатта стационарлық автожанармай құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағалары (ҚҚС қоса есептегенде) белгіленді: 

  • Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
  • Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 245 теңге;
  • дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 315 теңге.
  • Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиндер:
  • Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;
  • Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және мотоциклдерге, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;

Дизель отыны:

  • Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге;
  • Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге.