Мен бұл сынақтан өте алмадым - Бишімбаев
Қуандық Бишімбаевтың сот отырысы жалғасуда
Жұбайын өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен "қылмысты жасырып қалмақ болды" деп жауапқа тартылып отырған оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бишімбаев сотта өзінің ауыр сынаққа түсіп жатқанын айтты.
"Біз күн сайын Құдайдың сынағына түсеміз. Бұл өмірде ештеңе бостан-босқа болмайды. Әр кездескен адамымыз - сынағымыз болуы мүмкін. Біздің адами құндылықтарымыз сынға түседі. Сол күні, яғни қарашаның 8-нен 9-ына қараған түні бұл сынақтан өте алмадым. Осы әрекетке барғаным үшін өкінемін. Менің ата-анам мен туыстарым еш кінәлі емес, бұл менің кінәм және тек менің жауапкершілігім", — деді Бишімбаев.