Жаңалықтар

“Каспийді” неге алмайды? Ломтадзе ағылшын футбол клубын сатып алыпты

Михаил Ломтадзе Англия клубы акцияларын сатып алды

Қазақстандық миллиардер, Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе Англияның «Уиком Уондерерс» клубы акцияларының бақылау пакетін сатып алды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы SPORT+-ке сілтеме жасап.

Клубтың ресми өкілдігі хабарлағандай, Англия футбол лигасы рұқсат бергеннен кейін Михаил Ломтадзе, Эдуард Вышняков және Дэн Райс клубтың Директорлар кеңесінің құрамына енген.

Сондай-ақ, аталған хабарламада айтылғандай, Ломтадзе иелік ететін Blue Ocean Partners II Limited компаниясына «Уиком Уондерерс» клубы акцияларының 90% тиесілі.

Айта кетейік, «Уиком» клубы Англия чемпионатының үшінші дивизионында өнер көрсетеді.