Астананың оң жағалауында жарылыс болып, өрт шықты
Өртті сөндіруге жеке құрамның 20-дан астам адамы және 4 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды
Астанада оң жағалаудағы ғимарат өртенді. Оқиға орнында түсірілген кадрлар желіде тарап кетті. Тұрғындар жарылыс дауысын естіген, деп хабарлайды Newsroom.kz
"Жарылыс дауысын оң жағалауда тұратын астаналықтар естіді", - деп жазды Telegram- дағы Astanovka98 арнасы. Кадрларда оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимаратты сөндіріп жатқанын көруге болады. Полиция қызметкерлері де жеткен. Куәгерлердің айтуынша, дәмхана өртенген. ТЖМ Астанада тамақтану орнында өрт тіркелгенін мәлім етті. "Байқоңыр ауданында донер кафесі жанып жатыр. Төтенше жағдай орнында елордалық құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 20-дан астам адамы және 4 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды", - делінген ведомство хабарламасында.