Жайдарманшы Мейрамбек Бесбаевты балағаттаған

Әзілкеш оны басқа біреумен шатастырып алып, балағаттап жіберген

Фото: Instagram/ Asikfari

Жайдарманшы Асылхан Дүкенбаев қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаевтың алдында ұятқа қалған кезін еске алды. Әзілкеш оны басқа біреумен шатастырып алып, балағаттап жіберген,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Асылхан Дүкенбаев ыңғайсыз жағдайға қалғанын "Ахалек" есімді блогерге берген сұхбатында айтып берді. Қызылордада Серік Ибрагимовтың концерті болайын деп жатады. Бір қарапайым нөмірден қоңырау келірп түседі. Қал-жағдайымды сұрап, өзін Мейрамбек Бесбаев ретінде таныстырады. Түсінбей қаламын. "Мен ғой, Мейрамбек Бесбаев ағаң" деп тағы айтады. Мен болсам, оны балағаттап жіберемін. Сол кезде Серік не үшін ашуланып жатқанымды сұрайды. Оған мені біреулер Мейрамбек Бесбаевпын деп алдап жатқанын айттым. 

Сосын ол "нөмірін көрсетші" дейді. Салыстырсақ Серіктің телефонындағы нөмір мен маған хабарласқан нөмір бірдей. Шынымен Мейрамбек аға хабарласқан ғой. Сөйтіп Серік Мейрамбек ағамызға хабарласып, тұтқаны маған береді. Қолым дірілдеп кетті. Мен бірден кешірім сұрап, мені "дауыс салып біреулер алдап жатыр" деп ойлап қалғанымды айттым. Ол кісі маған "Ондайлар бар. Өзімін ғой деді", - деп еске алды жайдарманшы. 

Жүктелуде...