Бишімбаев өзіне әділ шешім шығаруды сұрапты
Қуандық Бишімбаев сот жарыссөзіндегі сөзін аяқтады
Жұбайын өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев сот жарыссөзіндегі сөзін аяқтады, деп хабарлайды newsroom.kz.
Қуандық Бишімбаев сот жарыссөзінде өзіне айтылған әрбір сөзге жауап беріп, ұзақ сөзінің соңында оған әділ шешім шығаруларын ұрады.
Құрметті алқабилер алқасы! Сөзімді түйіндесем, менің тарапымнан соңғы қорытынды шығарылды. Мен Салтанаттың өлгеніне кінәлімін. Бірақ қасақана өлтіруді жоспарламадым. Мен қасақа кісі өлтіру бойынша кінәлімін деп есептемеймін. Мен істеген ісім үшін жазамды өтеуге дайынмын. Сіздерден өтінерім, маған шешім шығарарда әділ болыңыздар, - дейді Қуандық Бишімбаев.