Жаңалықтар

Жел, тұман, найзағай: 4 мамырда ауа райы қандай болады?

4 мамырға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 мамырда еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды newsroom.kz.

Ұлытау облысының орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. 04 мамырда облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада күндіз найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл болады. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с болады. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус үсік болады.

Павлодар облысында батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с болады.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады. 

Солтүстік Қазақстан облысынын солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік болады.