Жаңалықтар

Қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгерістер енгізіледі

Атап айтқанда, жеке куәлікте енді жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет беріледі

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгертулер енгізбек. Құжат Ашық НҚА жобасында жарияланды, деп хабарлайды Newsroom.kz

Атап айтқанда, жеке куәлікте енді жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет беріледі. 

"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңның 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азаматтың жынысы туралы мәліметтер болады. Қазақстан азаматының жеке куәлігінің биылғы нұсқасында азаматтың жынысы туралы ақпарат құжаттың чипінде кодталған түрде қамтылады. Осыған байланысты көрнекі аймақта жынысы туралы ақпаратты көрсету ұсынылады", – делінген ішкі істер министрлігінің түсіндірме жазбасында.