Канье Уэст пен Қазақ жігіті бірігіп бейнбаян түсіріпті
Медет Шаяхметов Канье Уэсттің бейнебаянына режисерлік етіпті
Мамырдың алғашқы күні американдық рэпер Канье Уэсттің «Talking» әніне бейнебаяны көрерменге жол тартты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Бейнбаянға оның 10 жасар қызы Норт Уэст режиссерлік етіп, сценарийін жазған. Ал бейнебаянның монтажымен және түстерін өңдеумен қазақстандық режиссер, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі Медет Шаяхметов айналысқан.
Бейнебаянның анонсын Медет өз әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Желі қолданушылары Медеттің жетістігін қолдап, оған жылы лебіздерін білдірді.