Жаңалықтар

Бишімбаев оны үш-ақ рет ұрған – адвокат Ғазымжанов

Адвокаттың сөзін судья тоқтатты

Астана әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жарыссөз жалғасуда. Сөз Бишімбаевтың тағы бір қорғаушысы Ғалымжанов сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

"Бишімбаев оны (ред. Нүкенованы) үш рет қана ұрды. Олар демалып, қалаған жерлеріне барып, жегісі келгенін жеп, қымбат киім киіп, зергерлік бұйымдар тақты. Бұл жағдайда ұру тек қана үш рет болған.  Ендеше әр отбасына араласып, әйелімен ұрысқан күйеуін 4-7 жылға соттайық", – деді адвокат.

Ғазымжановтың сөзін судья Айжан Құлбаева тоқтатты. 

"Егер сіз осындай мәлімдемелерге тағы бір рет жол берсеңіз, сот соған сәйкес әрекет етуге мәжбүр болады", – деді төрағалық етуші.