Нүкенованың ағасы сотта Бишімбаевтың не үшін қылмысқа барғанын айтты
Айтбек Амангелді өз нұсқасымен бөлісті
Бүгін соттағы жарыссөз кезінде сөз алған Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаев қарындасын қандай себеппен өлтіргені туралы өз нұсқасын айтты, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Айтбек Амангелді алқабилерден бұрын көрсетілген видеоға тағы назар аударуды сұрады.
"Видеолардың бірінде Салтанат қан болған көйлекті ұстап, оған (Бишімбаевқа – еск.) бұл дәлел болатынын айтып жатқанын естисіз және көресіз. Сондай-ақ, ол оған: "Бұл үшін кем дегенде 10 жылға отырасың", - дейді. Ол қолындағы қан болған көйлекті қайта-қайта көрсетеді. Менің жеке ойымша, бұл белгілі болып қалудан қорқу, сол кезде ұрып-соғу болғаны туралы көпшілік алдында мәлім болуы және жасаған әрекеті үшін қайтадан түрмеге жабылуы мүмкін деген қорқыныш оны әрекетін одан әрі жасыру үшін адам өлтіру туралы саналы шешім қабылдауға әкелді", - деді Амангелді.