Бүгін соттағы жарыссөз кезінде сөз алған Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаев қарындасын қандай себеппен өлтіргені туралы өз нұсқасын айтты, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Айтбек Амангелді алқабилерден бұрын көрсетілген видеоға тағы назар аударуды сұрады.
"Видеолардың бірінде Салтанат қан болған көйлекті ұстап, оған (Бишімбаевқа – еск.) бұл дәлел болатынын айтып жатқанын естисіз және көресіз. Сондай-ақ, ол оған: "Бұл үшін кем дегенде 10 жылға отырасың", - дейді. Ол қолындағы қан болған көйлекті қайта-қайта көрсетеді. Менің жеке ойымша, бұл белгілі болып қалудан қорқу, сол кезде ұрып-соғу болғаны туралы көпшілік алдында мәлім болуы және жасаған әрекеті үшін қайтадан түрмеге жабылуы мүмкін деген қорқыныш оны әрекетін одан әрі жасыру үшін адам өлтіру туралы саналы шешім қабылдауға әкелді", - деді Амангелді.