Шоубиз

Димаш Құдайберген Түркия телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді

Танымал әнші Димаш Құдайберген 30 жасқа толуы қарсаңында Түркия телевидениесіне эксклюзивті сұхбат берді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

30 жасқа толуыма орай Ыстамбұлда беретін концертімнің қарсаңында түркиялық телевидениеге эксклюзивті сұхбат бердім. Сұхбаттың толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыздар, – деп жазба қалдырды әнші.

Димаш Құдайберген сұхбатында 17 жасынан бастап карьерасын бастағанын, «Жас Қанатқа» қатысу арқылы танылғанын айтты. Сондай-ақ 2017 жылы Қытайдағы үлкен жарыстан кейін әлемдік деңгейде танымалдыққа ие болғанын айтты.