Жаңалықтар

Бағдат Мусин цифрлық даму министрі қызметінен босатылды

2023 жылғы сәуірде қайтадан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне келді

Бағдат Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бағдат Мусин 1983 жылы Екібастұзда туған. Сүлеймен Демирел атындағы университет (2000-2004) және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты (2004-2006) бітірген.

2004 жылға дейін "NAT" АҚ, "Ізет" ЖШС және басқа да жеке компаниялар қызметкері;

2004 – 2007 жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамында инженер-бағдарламашы,

2023 жылғы сәуірде қайтадан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне келді. Ол 2024 жылғы 6 ақпанда бұл лауазымға қайта тағайындалған еді.