Су тасқыны: 41 005 адам өз үйлеріне оралды
6 405 адам эвакуациялау пункттерінде әлі қалды
1 мамыр сағат 11-00-дегі жағдай бойынша, су тасқынынан зардап шеккен 41 005 адам өз үйлеріне оралды. 6 405 адам эвакуациялау пункттерінде әлі қалды,-деп хабарлайды Newsroom.kz
ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріптің айтуынша, Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.