Жаңалықтар

«Елімізде сценарийдің алғашқы нұсқасымен-ақ кинолар түсіріліп кетіп жатыр» - Мұрат Есжан

Америкада киносценарий культі қатты дамыған

Көрермен көзайымына айналған «Міржақып. Оян, қазақ!» кинотуындысының авторы, режиссер-сценарист Мұрат Есжан Jaqsy Podcast YouTube арнасына берген сұхбатында қазақ киносының үлкен проблемасын атады,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Оның айтуынша, біздің елімізде алғашқы сценарий нұсқасымен-ақ кинолар түсіріліп кетіп жатыр. Осы себепті сапасыз өнімдердің қарасы көбейіп тұр. Мұраттың сөзінше, өзі білім алған АҚШ-та жағдай мүлдем басқаша. Америкада киносценарий культі қатты дамыған. Жылда 5000-ға жуық дайын сценарий Голливудта орналасқан әлемдік студиялардың қарауына түседі  деген дерек бар.

ү«Голливуд киноларының бір құпиясы – сапалы сценарийді іріктеп алуында. Сценарийлерді арнайы оқитын маман ретінде қызмет ететін мұғалім бізге сабақ та берген. Сонда ол кісі келіп түскен сценарийлерден барынша құтылудың, оны жарамсыз қылып тастаудың жолын ойлаймыз деген еді. Ойлаңызшы, онда сценарийге қатысты ұсақ-түйектің бәріне мән беріледі. Талай сүзгіден өтіп барып, сценарий бекітіледі, оның өзінде қабылданған барлық сценариймен кино түсірілмейді. Ал бізде тура қарама-қарсы жағдай.  Бірінші драфтпен-ақ кино түсіріліп кетеді»,- дейді ол.