Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бектенов Қазақстанда «тәтті» салықтың енгізілуі туралы пікір білдірді

Премьер-министр бұл мәселенің салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының аясында талқыланғанын еске салды

Бектенов Қазақстанда «тәтті» салықтың енгізілуі туралы пікір білдірді
Фото: kursiv.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында Қазақстанда құрамында қант бар сусындарға акциз енгізу жоспарда жоқ екенін мәлімдеді,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы parlam.kz-ке сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов сенаттың ресми сайтында жарияланған депутаттық сауалға берген жауабында Қазақстанда құрамында қант бар сусындарға акциз енгізу туралы айтты. Премьер-министр бұл мәселенің салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының аясында талқыланғанын еске салды.

"Экономикалық зерттеулер институты (Ұлттық экономика министрлігі жанындағы) жүргізген талдауға негізделген алкогольсіз сусындар мен шырындар өндірушілер қауымдастығының ақпаратына сәйкес, құрамында қант бар сусындарға акциз енгізу кезінде сусындар өндірісінің 26,4 пайызға төмендейді деп күтілуде. Айта кету керек, бюджетке жаңа салықтар мен төлемдерді белгілеу және қолданыстағы салықтар мен төлемдердің күшін жою, сондай-ақ мөлшерлемелердің өзгеруі мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделерінің тепе-теңдігін сақтай отырып қарастырылуы керек. Осылайша, аталған тәуекелдерді ескере отырып, жаңа Салық кодексінің жобасы шеңберінде құрамында қант бар сусындарға акциз енгізу жоспарланбайды", - деп жауап берді Бектенов.

Еске сала кетейік, өткен жылдың мамыр айында мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Қазақстанда зиянды азық-түлік өнімдеріне салық енгізуді ұсынған болатын. Ол мұндай салық Дания, Франция, АҚШ және басқа да көптеген елдерде қолданылатынын атап өтті.