Қазақтардың Camry-ден Cobalt-ке көшкені қасірет пе?
Белгілі автоблогер қазақ халқы қазір қандай көлік мініп жүргенін айтты
Белгілі автоблогер, журналист Олжас Оқас Kitapal подкастына берген сұхбатында қазақтың халқының портреті, қазақ дегенде қандай көлік еске түсетінін айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Журналистің айтуынша, қазақстандықтардың көлік таңдаудағы талғамы бір сатыға түскен.
"Бұрын Camry еді, қазір Cobalt. Бұл біздің әлеуметтік жағдайымыздың көрсеткіші, тікелей айнасы. Бұл ұнатқанынан емес, ақшасы жеткеніне, кредитке кіруіне, жеңіл қол жеткізуіне байланысты. Бірақ бірінші орында Cobalt емес. Бірінші орында кореялық Hyundai Tucson, содан кейін Cobalt, ары қарай Қытай маркалары кете береді. Көпұлтты ел едік, қазір кобальтты ел болып кеттік. Қазір көлік қажеттілік болып бара жатыр. Бұрын Camry еді, қазір Cobalt деген көңіл түсіретін нәрсе",- деді Олжас Оқас.
Сондай-ақ Олжас Оқас кейбір көліктерді көптің арасында жасырыну үшін айдайтындар да бар екенін айтты.
"Таза айдау үшін Camry-дің орнына Ford, Chebrolet алуға болады, 16-17 млн теңгеге. Бірақ бізге Camry керек қой. Қызыңды ұзатсаң, той жасасаң. Сен айдап жүрген көлігіңді сатып, той жасай аласың. Ауру болсаң, сатып емделуге болады. Camry-ді содан кейін кім айдап жүргенін білмейсің. Ол азаматты тану қиын. Ол кредитке алған бейшара болуы мүмкін, бай болуы мүмкін, әкім болуы мүмкін. Ақшасын жасыру үшін көп жігіттер Camry алады. Көптің арасына жоғалып кету оңай",- деді Олжас Оқас.