Дәрігер 12 млн-нің сырғасын 12 мың теңгеге алыпты
Cartier брендінің сырғасын мексикалық тұрғын өте арзан бағаға сатып алған
Мексика тұрғыны Cartier сайты істен шығып тұрған уақытта 12 миллион тұратын брендтік сырғаны 12 000 теңгеге сатып алған,- деп хабарлайды newsroom.kz сайты arabiya news-ке сілтеме жасап.
Өткен жылғы желтоқсанда Рохелио Вильярреаль есімді дәрігер әлеуметтік желіні ақтарып отырып, өте арзан Cartier сырғасын байқайды. Осылайша, дәрігер интернет-дүкен арқылы сайт істен шығып тұрғанда сырғаны 28 долларға сатып алып үлгерген. Ал шын мәнінде сырғаның құны - 12 миллион теңге.
Дәрігерге сырғаны тек 4 айдан кейін ғана алған. Алғашқыда Cartier, тауарды бергісі келмей бұл сауданы растамаған. Ер адамға ақшасын қайтарып беріп, қасына бір бөтелке шампан, әмиянн қабын қосып бергісі келген.
Бірақ Рохелио Вильярреаль айтқанынан қайтпай, заңды жолмен рәсімдеген тауарын алғысы келген. Заңгерлермен бірге жұмыс істеп, өз сырғасын алып алған.