Прокурор Байжановқа тағылған айыптардың бірін алып тастауды сұрады
Енді тергеу үшін сот созылады. Келесі сот отырысы 2 мамырда болады
Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Прокурор қылмысын жасырды деп сотқа тартылған Бақытжан Байжановқа тағылған бапты өзгертуді сұрады,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
29 сәуірде жарыссөз басталуы керек еді. Сот отырысының алдында мемлекеттік айыпталушы тергеуді қайта жаңартуды талап етіп, бапты өзгертуді сұрады.
“Байжановқа тағылған қылмыстық кодекстің 434-бабы “Қылмысты хабарламау” бойынша айыпты 432-бабы “Аса ауыр қылмысты жасыру” деп өзгерту қажет. Өйткені ол аса ауыр қылмыстың болғанын біле тұра, құзырлы органдардың ресторанға кіруіне кедергі келтіріп, саналы түрде марқұмды жасыруға тырысты”, – деді прокурор.
Енді тергеу үшін сот созылады. Келесі сот отырысы 2 мамырда болады.