Жамбыл облысында бес алаяқ 246 млн тг 130 адамды алдап кеткен
Тараз қаласы №2 соты алаяқтықпен 130 адамды құрықтарына түсірген 5 адамға қатысты қылмыстық істі қарады
Таразда сот 130 адамға қатысты алаяқтық жасады деп айыпталған бес адамға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараз қаласы №2 соты алаяқтықпен 130 адамды құрықтарына түсірген 5 адамға қатысты қылмыстық істі қарады.
"Сотталған Т. өзінің қылмыстық сыбайластары Д., И., К. және И.-мен бірге адамдар тобы болып алдын ала сөз байласу арқылы жеке тұлғалардың сенімдерін теріс пайдаланып, олардың аттарына online тауарлық несие ресімдеп, тауарды қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы бөтен мүлікке құқықты иемдену арқылы алаяқтық әрекеттер жасаған. Сотталғандардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 130 адам жәбір көріп, жалпы 246 млн. тенгеден астам сомада материалдық залал келтірілген", - делінген хабарламада.