Жаңалықтар

Несиесі барлар ата-анасын Меккеге апара ала ма?

Имам желі қолданушыларының сұрағына жауап берді

Нұрлан имам желі қолданушыларының "ипотека, несием бар анамды Меккеге жіберсем бола ма" деген сұрағына жауап берді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Имамның айтуынша, умрадан бұрын ең алдымен, ата-анаға жақсылықты оларға қызмет етуден бастау керек.

"Анаңды алақаныңа салсаң сол жақсы болады. Анаңды анаң сияқты құрметтесең сол ең жақсысы болады. Өзі біз умра қажылықты сәнге айналдырып алмауымыз керек. Бұл шариғат бойынша ең төменгі тұрған нәрсе. Бірінші Аллаға сену, екінші - намаз оқу, үшінші ораза ұстау, төртінші зекет беру, бесінші қажылыққа бару. Умраға келетін болсақ, ол жақсы нәрсе. Бірақ, әкеңізді, анаңызды алақаныңызға салу - бұл кез келген умрадан артық. Пайғамбарымыз с.а.с айтады: Ата-анаға қызмет ету - нәпіл намаздан, нәпіл оразадан, нәпіл қажылық яғни умрадан артық дейді. Ата-анаңа аузыңды жап деп қабағыңды түйсең қайдағы Мекке? Ата-анаңды жақтырмасаң, сенің істеген жақсы ісіңнің бір тиын құны жоқ",- деді Нұрлан имам.