Бишімбаев пен Бақытжанов сот залына жеткізілмеді
Сот отырысы кейінге шегерілді
Астана сотында айыпталушы Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша тараптардың жарыссөзі кейінге шегерілді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Жоспар бойынша жарыссөз сағат 10:00-де басталуы тиіс болған. Алайда, сотталушы Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың сот залына уақытылы жеткізілмегені белгілі болды. Осылайша, қорғаушы тарап пен жәбірленуші тарап айыпталушылар болмағандықтан жарыссөзді кейінге шегеруді талап етті.
Жарыссөз сағат 14:30-ға шегерілді.