Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді, - деп хабарлайды Newsroom.kz
Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 27 сәуірде Астана уақыты бойынша 07:44-те тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 915 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,7. MPV магнитудасы - 4,0", - делінген хабарламада.