Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 27 сәуірде сағат 8-дегі жағдай туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді: Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 626 см., деңгейдің +13 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 403 см құрайды.
Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы деңгейі 735 см., деңгейдің тәулігіне + 7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 418 см құрайды. Жайық өзені-Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 431см., тәулігіне + 3см деңгейдің көтерілуі. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 240 см құрайды. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
"27 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызу 192 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада.