Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» заңға қол қойды

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» Заңға өзгертулер

Тоқаев Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған жауынгерлері Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаевтың есімін «Айбын» орденіне беру туралы заңға қол қойды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» Заңға өзгертулер Мемлекет басшысының 2024 жылдың 15 наурыздағы «Адал адам – Адал еңбек – Адал Табыс» Ұлттық Құрылтайының үшінші отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді. Заң аты аңызға айналған жауынгер-батырлар: Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін «Айбын» орденінің дәрежелеріне беруді көздейді» деп хабарлады Ақорда.