Жаңалықтар

Арзан бағамен азық-түлік жеткіземін деп 9 кәсіпкерді алдаған күдікті Ресейде ұсталды

Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр

Бас прокуратураның үйлестіруімен бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдікті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Newsroom.kz

Аталған азамат 2022-2023 жылдар аралығында шет елдерден азық-түліктің көтерме партияларын жеткізу сылтауымен алаяқтық жолмен 9 кәсіпкердің 470 млн теңгеден астам қаражатын иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық iздеу жарияланды.

Айта кетейік, алаяқ былтыр желтоқсанда Мәскеу аумағынан ұсталған болатын.

Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр.