Бүгін Атырауда Жайық өзені қаншаға көтерілді?
Су деңгейінің көтерілуі күтілуде
Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша 26 сәуірде сағат 8-дегі жағдаймен Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 613 см., деңгейдің +9 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 390 см құрайды. Махамбет кентінің гидропостындағы деңгейі 728 см., тәулігіне + 7 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 411 см құрайды. Атырау қаласы гидропостындағы деңгейі 428см., тәулігіне + 3см деңгейдің көтерілуі. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 237 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
"26 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3/с құрайды", - делінген хабарламада.