Жаңалықтар

"Отбасымен көбірек уақыт өткізгісі келген": FlyArystan компаниясының президентi қызметінен кетіпті

Әуекомпания өкілдерінің мәліметінше, Хэмильтон-Маннс FlyArystan компаниясына 2020 жылы келді

FlyArystan компаниясының президентi Адриан Хэмильтон-Маннс қызметінен кетті,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Air Astana тобы Топтың еншілес бюджеттік бөлімшесі FlyArystan компаниясының президентi Адриан Хэмильтон-Маннс отбасымен көбірек уақыт өткізу үшін компаниядан кетіп, Оңтүстік Африкаға оралу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Ричард Леджер 20 мамыр дүйсенбіден бастап FlyArystan және Air Astana тағайындаулар  комитеті мен директорлар кеңестерінің жарғылық ережелеріне сәйкес және міндетті реттеу рәсімдеріне сәйкес тұрақты тағайынға дейін президент міндетін атқарушысы болып тағайындалады. Хэмильтон-Маннс мырза мамыр айының соңына дейін FlyArystan-да болып, істер мен қызметін Леджер мырзаға тапсыратын болады", - делінген Air Astana әуекомпаниясының Telegram-дағы ресми арансында жарияланған хабарламада. 

Әуекомпания өкілдерінің мәліметінше, Хэмильтон-Маннс FlyArystan компаниясына 2020 жылы келді. Оның басшылығымен компанияның кірісі 2020 жылғы 57,4 млн АҚШ долларынан 2023 жылы 277,8 млн АҚШ долларына дейін 384 пайызға өскен. 

"Адрианның компаниядан кету туралы шешімін өкінішпен естідік, бірақ бұл шешім Қазақстан мен отбасы тұратын Оңтүстік Африка арасындағы қашықтыққа байланысты отбасылық себептермен туындағанын түсінеміз. 2020 жылдан бері FlyArystan стартаптан 19 ұшақ паркі бар, кірісі айтарлықтай жоғары, географиялық қамту жағынан да дамыған әуекомпанияға айналды. Адрианға төрт жылдық басшылық кезіндегі жетістіктері үшін алғыс айтып, оған бар жақсылықты тілейміз. 

Топ басқару құрамымен ерекшеленеді және біз Ричард Леджердің FlyArystan президентінің міндетін атқарушысы ретінде Қазақстанға оралғанына қуаныштымыз. 2009 жылдан 2022 жылға дейін Ричард Топтың өсуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды, оның ішінде Covid-19 жаһандық пандемиясынан кейін Топ қызметін тез қалпынакелтіруде және сол кезде Air Astana мемлекеттен немесе акционерлерден қаржылық қолдауды қажет етпейтін бірнеше әуекомпаниялардың бірі болуында. Ричард FlyArystan-ның тиімді өсуін жалғастыратынына сенімдіміз", - деді Air Astana тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер кадрлық өзгерістер туралы.