Beksar жобасы ребрендингтен өтті
Қазақстандық стартап ребрендингтен өтті
Дүкендерді автоматтандыратын қазақстандық Beksar FinTech стартапы ребрендингтен өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Жобаның логотипі, визуалды стилі және өнім атауы жаңартылды. Бұған дейін стартаптың негізгі өнімі ShopUchet деп аталып келді. Енді сауданы автоматтандыру және басқару бағдарламасы Beksar деп аталады. Құрылтайшылар өздерінің негізгі өнімін компания атауымен бірдей атауды жөн көрді. Осы арқылы брендті тану жеңілдей түседі деген пікір айтты.
Стартаптың тең құрылтайшысы және бас директоры Мақсат Бектібаев атқарылған жұмыстардың егжей-тегжейлерімен бөлісті:
"Өнім барған сайын сұранысқа ие және танымал болып келеді. Сондықтан біз брендті қабылдауды жеңілдеткіміз келді. Идея тауарларды және олар туралы ақпаратты анықтау процесін жеңілдету және жеделдету символы ретінде штрих-кодқа негізделген. Деректерді жылдам және дәл оқу - бренд құндылықтарына сәйкес сауданы қадағалау және басқару процестерін автоматтандырудың маңызды аспектілерінің бірі",- деді ол.