Аймақтар

Жайықтың жағдайы қалай? Атырауда бүгін су деңгейі қаншаға көтерілді?

Өзен суының деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін

25 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес өткен тәулікте 2024 жылғы 25 сәуір сағат 8-дегі жағдаймен Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді. Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 604 см., деңгейдің +7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 381 см құрайды.

Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 721 см., тәулігіне + 6 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 404 см құрайды.

Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 425 см., тәулігіне +3 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 234 см құрайды. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

"25 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3/с құрайды" делінген хабарламада.