Қылмыс

Алматыда лаунж-бар қызметкері қонақтарға мефедрон сатқан

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Алматыдағы барда арнайы операция өткізілді, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасының бастамасы бойынша, ҰҚҚБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі заттарын тарату жөніндегі қызметтің жолын кесті.

"Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық "мефедрон" есірткісін сатқан 21 жастағы лаундж-бардың қызметкері (кальяншы) ұсталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.