Жаңалықтар

Алматы облысында жоғалған 3 жасар қызды өлтіріп кетуі мүмкін

Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталған

Алматы облысының полиция департаменті Күш ауылында жоғалып кеткен үш жасар қызды біреу өлтіріп кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Қазіргі уақытқа күдіктілер ұсталған. Алматы облысы полиция департаментінің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жаубында кәмелетке толмаған баланың жоғалып кетуіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Күш ауылында үш жасар Айя София 17 наурыздан бері 1 ай бойы іздестіріліп жатқанынуhttps://newsroom.kz/84213/almatyda-3-zhasar-yz-1-aydan-beri-izdestirilip-zhatyr едік.