Жаңалықтар

Карантиндегі ауыл: суға түспегенімізге екі ай болды

Карантиндегі ауыл: суға түспегенімізге екі ай болды

«Суға түспегенімізге екі ай болды, ал балаларымыз сабақты шатырға шығып оқып, аяқтады. Ақтөбеде бүтін бір ауылың тұрғындары блок-бекетті алып тастауды сұрап отыр. Осылайша, олар облыс орталығына емін-еркін кіріп-шыққылары келеді. Өйткені ауылда не дүкен, не дәріхана жоқ. Ал құрылыс материалдарын тасып алайын десе, жеке көліктер бағаны аспандатып жібергенін айтады деп хабарлайды Newsroom+ ақпараттық агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап https://www.youtube.com/watch?v=8AdBHhKRZk8   Ақтөбеден 30 шақырым жердегі Шилісай ауылы тұрғындарының шыдамы таусылған. Карантин кезінде көп адам жиналуға болмайды дегенге де құлақ асқылары жоқ. Өйткені, шыдамымыз таусылды, дейді.
НҰРЛАН ҚАСЫМОВ, ТҰРҒЫН: «Бір пленде тұрған адам сияқтымыз. Иә анда, иә мында жоқ- екі ортада әкелді де, жауып татсады.» БЕРДІБАЙ ҚҰТАНОВ, ТҰРҒЫН: «Постты алу керек, өз орнына- Қарғалы ауданының бергі шеті бар, сол жерге қою керек. Қалаға барып тамағымызды әкеп іше алмасақ, пенсиямызды алған жоқпыз. Екі ай болды».  
Бұл ауыл қалаға қарайды. Бірақ төтенше жағдай жарияланып, шаһар карантинге жабылған кезде елді мекен екі бекеттің ортасында қалыпты. Одан арнайы рұқсат қағазын алғандар ғана өте алады. Бәрінен үйінің құрылысын бастағандар бізге қиын болды, дейді. 40 мың сұрап тұр 1 машина балластқа. Ал өзіміздің ағайын-тумаға тасытатын болсақ, соны 10 мыңға әкеліп береді. Бірақ оларды өткізбейді. Аналардың қолында қағазы бар. Бекеттің басына жиналғандарды Алматы ауданы әкімінің орынбасары мен тәртіп сақшылары сабырға шақырды. Блок бекет үшін дәл осы ауыл маңы тектен-тек таңдалған жоқ деп түсіндірді. Себебі, қаланы айналып өтетін жолдың бәрі осы маңда. Әрі Ресеймен шекаралас аумақ, транзит көліктердің барлығы өтетін де ескеріпті.
АЙДОС ҚҰЛЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қызметтік қажеттілікке байланысты канал радиосвязи, рация осы жерден алатын болғасын, осылай таңдалды»
Алматы ауданы әкімінің орынбасары қолында рұқсат қағазы бар шилісайлықтар қалаға еш кедергісіз барып-келе алатынын айтты. Қажет болса, құжатты әкімдікте 15 минуттың ішінде ресімдейтінін түсіндірді.
БАҚҰЗАҚ ДАРИН, АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Қалаға ешқандай кедергі жоқ дәрі-дәрмек аламын деген, азық-түлік аламын дегендерге рұқсатнама кедергісіз беріліп жатыр. Мен бәрін білемін ғой осы посттан шықпаймын.»
Шилісайда 50-ге жуық түтін бар. 100-ден астам тұрғын қоныстанған. Өткен жылдары 1200 жер телімі берілгеннен кейін, көшіп келіп жатқандар көп. Әкім-қаралар шилісайлықтар азық-түлік, дәрі-дәрмектен тарығып отырған жоқ. Керек-жарақтың бәрін жеткізіп отырмыз деген еді. Дегенмен, біз өз көзімізбен көргіміз келді. Сол үшін ауылды аралап шықтық. Бірақ, біздің көзімізге бірде-бір дүкен, не дәріхана ілікпеді. Ал, мына құбырдан бүкіл Шилісай су ішіп отыр. Оның өзінде бір күн бар, бір күн жоқ. Тек бүгін тілшілер келеді деген соң, суды ағызып қойды, дейді ауылдықтар.» ДИНА БАҚЫТЖАНОВА, ТҰРҒЫН: «Суға түспегеніне  2 ай. Екі айда сен жуынып жатсың ба, ол су қайда, келіп жатыр ма, жоқ па, ешкімнің шаруасы жоқ. Су мәселесін постоянно көтеріп жүрмін мен.» Карантин кезінде оқушыларға да оңай тимепті. Көпбалалы ана Роза Бегімбаева байланыстың нашарлығынан балаларымыз сай жағалап, үйдің шатырына отырып оқу жылын аяқтады, дейді. РОЗА БЕГІМБАЕВА, ТҰРҒЫН: «Бізде интернет жоқ вообще. Ұстамайды. Терезеге , душтың басына қойып, чердакқа шығып, ана 8 оқитын қызым чердакка шығып отырады. Таңертең 7-де кіреді, содан 5-ке дейін отырды». Ауылдықтардың жанайқайын тыңдаған әкімдіктегілер айтылған әлеуметтік мәселелер назарларында екенін айтты. Ал блок-бекет ең бірінші кезекте халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қойып отырғанын түсіндірді.