"Аленка" шоколадының қаптамасындағы қыз кім?

07 Наурыз, 2020 113 0

Қазіргі кездегі сатылымда бар "Аленка" шоколадының қаптамасына мың қыздың ішінен таңдап алған суреттің иесі - Елена Геринас. 1960 жылдары КСРО батыстан келетін тауарлардан қалмайтындай, тәтті кәмпиттер шығаруға бел буады. Кеңестік кондитерлер дәмі тіл үйіретін, жұмсақ, тәтті шоколад дайындауға кірісіп кетеді. Басып озып шыққан "Красный Октябрь" болды. Осы кездері дәлірек айтсақ, 1964жылы әйел-ғарышкер Валентина Терешкова Алена атты қызды өмірге әкеледі. Сол қыздың құрметіне шоколадқа атау беріледі. Ендігі кезек қаптамаға кімнің суретін салу мәселесі қарастырылады. Кішкентай қыздың салу міндетті емес еді. Бірақ қаптамаға кішкентай, сүп-сүйкімді түрінен, өзге қыздың суреті келіспейтіндей болып көрінді.                                  Александр Геринас біраз басылымдарда штаттан тыс фотограф болып жұмыс атқаратын. Ол өзінің сегіз айлық қызын суретке түсіріп, "Советское фото", "Здоровье" атты журналдарда Ленаның суреттерін басып шығарады. Ал қыздың суретіне Николай Маслов бірнеше өзгерту енгізеді. Көздерін көк түске, екі бетін қызыл түске бояп біршама өзгерту енгізеді. Осылайша "Аленка" шоколады бүкіл одақ, теңіз асып туристтер арқылы дүниежүзіне тарайды.
Шоколад қаптамасындағы қыздың түрі бәріне таныс, ал бірақ оның кім екенін ешкім білмейтін еді. Тек 2000 жылы Елена Геринастың өзі жарқ етіп шықпағанда. Ол "Красный Октябрь" кондитерлік фабрикасының 35 жыл бойы өзінің суретін пайдаланып жүргені үшін сотқа арызданып, 5 млн рубль талап етеді. Сондай-ақ кішкентай кезіндегі суретін бұдан былай пайдалануға ресми келісім шарт құрып, азғантай болсын ақша аударымын талап етеді.  Алайда қаптамадағы қыздың түр-әлпетіне көптеп өзгерістер енгізілгендіктен, Елена екі жылға созылған сотта жеңіліс табады. Суретті түсірген әкесі 80 жылдарда өмірден озған. Ол өзі түсірген суретке қандайда бір қарсы пікір айтпаған. 
 Бүгінде Елена Геринас отбасылы, екі баланың анасы, жасы 60-та.

Тегтер: Аленкашоколады, ЕленаГеринас

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.