Мәдениет

Қазақы төбеттерді іздеген топ Моңғолияға барып қайтты

3-і төбетке ұқсас, 18 ит табылды

Генетика және физиология Институты "Қансонар" қауымдастығымен бірлесіп "Төбет ұлттық қазақ ит тұқымының генофонды мен тұқымын қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін оны криоконсервациялау әдістерін зерделеу" жобасы аясында 3 адамнан тұратын экспедиция Моңғолияғаға Баян-Өлгей провинциясына аттанды.

Топ жетекшісі - "Қансонар" қауымдастығының бас кинологы Инна Назаренко атап өткендей, "Моңғол Республикасына экспедиция Астана – Павлодар – Барнаул – Таулы Алтай – Баян Өлгей– Қобда бағыты бойынша жалға алынған автокөлік жүргізушімен, аудармашы және" Asyl Qazyna " тобет ұлттық тұқымы федерациясының негізін қалаушы Ескендір Нәсіп-Оғлының жетекшілігімен жүзеге асты. Экспедициялық топ Баян Өлгей провинциясына келіп, иттерді іздей бастады. Бірқатар елді мекендерді аралап шыққаннан кейін 18 ит табылып, олардың тек 3-і төбетке ұқсас болып шықты. Иелерінің айтуынша, табылған иттердің түпкі тамыры Қазақстаннан, қалған иттер тұқымы аз немесе танылмаған аборигендік булли кутра тұқыммен (Пәкістан мастифі) араласқан.

Жеке секторда 14 ит табылды, олардың 4-інен биоматериалдар алынды (жүн/сілекей). Жергілікті тұрғындардың сауалнамасы бойынша көптеген иттердің жаппай атуға ұшырағаны анықталды.

Тулбо ауылы, Баян Өлгей провинциясынан 100 км қашықтықтағы тауларда орналасқан. Бұл провинцияда бірнеше елді мекендер болды. Үйлердің бірінде еркін өмір сүретін, жұмыс істейтін төбет типті ит табылды, оны иелері мақсатына сай пайдаланған, одан биоматериал алынды. Ит тарихи Отанына қайтарылды. Жол бойында экспедициялық топ 3 күн бойы жете алмаған тағы бір иттен талдау алды. Иттің иесін 3 күн бойы ұстау мүмкін болмапты.

Сапар аяқталар күні олар моңғол банхары орналасқан орталыққа кіріп, биоматериал алып, сауалнама толтырып, суретке түсірді. Осылайша қайтар жолға шықты.

Айта кетейік, "Қансонар" қауымдастығының негізін қалаушы Инна Назаренконың төбет итіне деген қызығшуылығы мен жанашырлығы туралы алдыңғы материалда жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы тапсырмасында Президенттің Іс Басқармасына жеті қазынаның бірі – қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау жұмысын қолға алуды тапсырған болатын. Президент нұсқауы бойынша бұл жұмысқа – ҚР Сыртқы істер министрлігі, ал жеті қазынаның бірі саналатын ұлттық байлығымызды түрлі шаралар арқылы насихаттауға – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетуге тиіс.