Елорда

Астанада алғаш рет NEFOROOM өтеді

26 сәуірде елордада медиа мамандарына арналған ауқымда шара өтеді

26 сәуір күні Астана қаласында Astana IT University алаңында медиа мамандары үшін – NeFoROOm іс-шарасы өтеді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Бұл Қазақстандағы PR саласының мамандарына, баспасөз хатшылары мен журналистерге арналған алғашқы ауқымды шара.
ҚР Парламентінің депутаттары және медиа-сала мамандары(PR-мамандары мен журналистер)  сарапшы ретінде қайырымдылық жобаларындағы пиарды дамытуды, қоғамдық бастамаларға және танымал емес спорт түрлеріне қалай пиар жасауды, креативті индустрияның болашағы туралы және Kazakh Identity-дің ақпараттық күн тәртібіндегі рөлін, заңнамалық нормаларды қатаңдату медиасфераға қалай әсер ететінін талқылайтын болады. Арнайы workshop-ты танымал қазақстандық басылымдардың бас редакторлары өткізеді.

NeFoROOm-ға салалық PR-мамандар Қауымдастығы, балаларға көмек көрсету үшін денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қайырымдылық жобаларын іске асыратын «Аяла» қайырымдылық қоры, GR, стратегиялық және дағдарыстық коммуникациялар саласындағы «B2C consulting Group» консалтингтік компаниясы, Ұлттық спорт түрін дамытатын «Жамбы ату» Федерациясы, персоналсыз сауданың инженерлік технологияларын ұсынатын қазақстандық SET24 стартабы,  ақпараттық қауіпсіздікті және құпия деректерді қорғауды қамтамасыз етуге арналған қазақстандық өнімдер мен шешімдерді әзірлеуші «MSSP Global», сондай-ақ Rakurs Film киномектебі қолдау көрсетті.

NeFoROOm-ның ұйымдастырушылары - 2023 жылы Қазақстанда салалық PR-ды дамыту мақсатында құрылған PR Room кәсіби қоғамдастығы. Оның негізін қалаушылар - Гаухар Абеуова, Айнұр Байғожа, Әсел Әлімханова және Олжас Беркінбаев. 

PR Room қауымдастығы Қазақстанда PR-дың кәсіби дамуына, атап айтқанда, салалық PR және журналистиканы дамытуға көмегін тигізеді, түрлі іс-шараларды ұйымдастыра отырып, PR-мамандары мен журналистердің біліктілігі мен кәсіби өсуіне өз үлесін қосады.
Форум жұмысына қатысу сілтемесі: https://forms.gle/TcS1zCEwrgorzoy88