Құран оқылып, тахажжуд намаз оқылатын үйді су алмағаны рас па?
Желіде су басқан өңірлердегі видео қызу талқылануда
Еліміздің су басқан өңірлеріндегі әртүрлі видеолар әлеуметтік желіде желдей есіп, ттаралып кетті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
ferdaus_market парақшасы әр күн сайын зікір етіліп, намаз оқылатын үйдің суға батпағанын жазды. Желі қолданушыларының бұл реттегі пікірлері екіге бөлінді. Бірі Құдіретті күштің кереметтілігіне таң қалса, енді бірі бұл құбылысты физиканың заңдылығымен түсіндірді.
"Менің жұмысымда 2 этаждағы батареялар түнімен ағып, 2 жағындағы кабинет толық кеткен еді. Ал менің кабинетімде бүкіл құжаттар жиналып тұратын, менің кабинетімде 1 тамшы су да тамбаған. Тап-таза. Себебі, мен жұмыс жасарымның алдында Аллаға дұға қылып бастайтынмын, Алла шебер ғой",- деп жазды желі қолданушысы.