Жаңалықтар

Алматыдағы блок бекеттегі өліміне күдіктінің әкесі "ұлының полиция қызметкері, сол түні кезекшілікте болғанын" айтты

Алматыдағы блок бекеттегі өліміне күдіктінің әкесі "ұлының полиция қызметкері, сол түні кезекшілікте болғанын" айтты

Бұған дейін екі полицейдің өліміне әкеліп соқтырған Алматы блок-бекетіндегі жол апатына себепкер болған Азат Азаматовтың қылмысқа қасақана баруы мүмкін деген хабар тараған болатын. Азаттың әкесі Талған Мұқашев полицияның "күдікті - бұрынғы полицей" деген мәлімдемесін жоққа шығарып отыр. Және де осы айдың басында ғана лейтенант шенін алған полиция қызметкері екен. Тәртіп сақшысы қанды оқиға болған күні түнгі кезекшілікте болған. Әкесі ұлының ішімдік ішкеніне де күмән тудырып отыр деп хабарлайды деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.  width= Телеарнаға сұхбат берген күдіктінің әкесі карантинде күндіз-түні жұмыс істеген ұлы қалғып кетуі мүмкін екенін айтады.
"Коронавирусқа қарсы оларда демалыс болмай кетті. 18-19 күндей жұмыс істеді. Соның салдарынан, ол таңғы 5-те таң атып келе жатқанда ұйықтап кетті ме деймін. Адам демалмағаннан кейін сондай болады. Мен баламның жол апатын жасағанын жасырмаймын. Ол заңды түрде істегенін мойнымен көтеруі керек. Бірақ әдейі барып соқты дегенге сенбеймін. Ешқандай адам баласы, ешқандай жүргізуші, тіпті, жауына олай жасамайды",- дейді ол. Мұқашевтың айтуынша, ұлы мен марқұм Дастан Әбдіқанов етене жақын араласқан екен. Азат Азаматов жақында әріптесін алдағы уақытта болатын шілдехана тойына да шақырып қойған екен. Оқыс оқиға ғой. Қасындағы жолдасына қасқыр да қастық қылмайды. Қасындағы жолдастары жоқ, бақилық болып кетті. Ол кісілердің ата-анасына, ағайын-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Мен соны ойласам, жүрегім жарылып тұрады. Ол да менің балам ғой. Баламның қасында жүрген жолдастары да - менің балаларым",- дейді қазадан қайғырған әке.
"Адамның миына кірмейтін сөздерді айтып жатыр. Төрт сөгіс берсе, неге алғыс хат береді, неге аға лейтенант шенін береді? Менің ұлым - алқаш, менің ұлым - жаман деген айып тағылып отыр. Сондай айып тағылса, басшылар қайда қарады? Арақ ішкен адамды неге ішкі істер органдарында қызметкер етіп жүргізеді?", -дейді 28 жыл құқық қорғау органдарында қызмет атқарып, зейнетке шыққан ол. Еске сала кетсек, 25 мамыр таңғы сағат 5:30-да Көксай ауылындағы блок-бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Қызметтік көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында ал, оның әріптесі Дастан Әбдіқанов ауруханада көз жұмған. Ал үшінші полицей алған ауыр жарақатымен орташа ауыр жағдайымен аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдауда. https://youtu.be/g14JF6jqmXw