Айырылысудың ең оңай жолы

07 Наурыз, 2020 186 0

Swipe Life блогының авторы Бобби Бокс (Bobby Box) қарым-қатынас кезінде көңіліңіз толмаса жігітіңізбен не қызыңызбен айырылысудың ең сəтті жолын айтты.
Оның сөзінше, тәуекелге барар алдында нақты шешім қабылдау керек. Сонымен қатар, неге айырылысқыңыз келетінін қағазға жазып, себептердің тізімін жасаған абзал. Осыдан соң əңгімені кейінге шегермей бірден ашып айтқан жөн.
Сондай-ақ, әңгіме барысында қызыңызға/жігітіңізге назар аудармай өзіңіз туралы ғана ойлауыңыз керегін, сөз арасында "мен" есімдігін ғана қолданып, өзіңіз жасаған тізімдегі наразылықты айтуыңыз қажет.
Нəтижесінде қызыңыздың/жігітіңіздің эмоциясы əсер етіп, шешіміңізді өзгерткіңіз керуі ғажап емес. Алайда Бокс бұлай жасамауға кеңес береді. 
Сондай-ақ, Боббидің айтуынша, наразылығыңызды жасырып жүре беру уақыт өте өзін-өзі кінəлауға алып келеді. Жалпы ол айырылысқан соң қызыңыздың/жігітіңіздің телефон шалып, хабарлама жазуына да дайын болу керегін ұмытпаңыз дейді.

Тегтер: Қарым-қатынас, қызбенжігіт, ерменәйел

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.