Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда TikTok бұғатталуы мүмкін

Аида Балаева әлеуметтік желілерде алаяқтық пен жалған ақпарат тарату деректері көбейгенін мәлімдеді

Қазақстанда TikTok бұғатталуы мүмкін
Фото: Olhar Digital

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "TikTok Қазақстанда бұғатталуы мүмкін бе" деген сұраққа жауап берді,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Аида Балаева әлеуметтік желілерде алаяқтық пен жалған ақпарат тарату деректері көбейгенін мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерді ашқанда, әртүрлі контентті көруге болады. Оның ішінде есірткі заттары, порнографиялық материалдарды, ересектер мен балаларды қорлау көрсетілген, экстремистік және діни сипаттағы материалдар таратылып жатады. Бүгінде әлеуметтік желілердегі заңсыз контенттің көбейіп бара жатқанын көріп отырмыз. Ал жаһандық тенденция қазір көптеген елдер кейбір әлеуметтік желілерді бұғаттауға және одан бас тартуға мәжбүр болғанын көріп отырсыз, - деді Балаева. Сонымен қатар, министрдің айтуынша, Қазақстанда кез келген әлеуметтік желіні бұғаттау мәселесі бірқатар факторға байланысты болады. "Мұның бәрі заңсыз контент қаншалықты болатынына байланысты болады. Атап айтқанда, TikTok-қа қатысты мәселені қарастырып жатырмыз. Менің ойымша бұл қажет (бұғаттау – ред. еск.) Министр ретінде айтарым, бұны қарастырып, зерттеп көру керек. Көріп тұрғандай, балалар қарап отыр. Ал онда қаншама балағат сөз бар. Шындығында, ол жақта адамдар көріпкелдікпен де айналысып жатыр", - деп түйіндеді сөзін ол.