Жаңалықтар

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады ?

25 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады

Синоптиктер 23-25 сәуірге арналған еліміздегі ауа райы болжамын ұсынды,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклоны әсер етіп найзағай ойнап, жаңбыр күтіледі. 25 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Мамандар апта басында еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжады. Республика бойынша екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде -1...+8 градус суық, ал күндіз +3...+13 градус жылы болады. Қазақстаннның орталығында түнде 0...+5 градусқа төмендесе, күндіз +5...+15 градус жылы болады деп күтіледі.